Сұрақтарға соңғы жауаптар

Общая информация (каз)

Общая информация (каз)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ «ЖОБАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ВЕДОМСТВОДАН ТЫС САРАПТАУ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ («МЕМСАРАПТАМА» РМК) БАТЫС ӨҢІРІ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ (бұрын-«Маңғыстаумемсараптама» ЕМК) 1995 жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді.
Филиал «Мемсараптама» РМК-нің оқшауландырылған бөлімшесі және Маңғыстау облысының Ақтау және Жаңаөзен қалалары, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған, Бейнеу, Қарақия аудандары аумағында орналаасқан құрылыс нысандарының жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізуде өз бетінше (дербес) қызмет жасайды.

Директор
Мыңбаев Қанат Турсынбайұлы


«Мемсараптама» РМК-нің Батыс өңірі бойынша филиалы Қазақстан республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК) бұйрықтары және қаулыларын, «Мемсараптама» РМК-нің бұйрықтары мен өкімдерін және филиал туралы Ережелерін басшылыққа ала отырып өз міндетін атқаруда.

Филиал Маңғыстау облысының экономиканың барлық саласындағы жаңа нысандар құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаларына, жобалау алдындағы құжаттарға, соның ішінде қайта құрылымдау жобаларына, күрделі жөндеу, техникамен қайта жарақтандыру, қолданыстағы нысандарды жаңғырту жобаларына сараптама жүргізуді жүзеге асыруда. Филиал жобалау сапасына, материлдық және қаржы ресуртарын тиімді пайдалануға, қуат үнемдеу мен импортты алмастыруға айрықша мән береді.

ҚР шешімдері мен тапсырмаларынжәнебасқа да диретивтікқұжаттардыорындауда «Мемсараптама» РМК-ніңМаңғытауоблысыбойыншафилиалындамемлекеттікжәне экономика саласыныңсалалықбағдарламаларынжүзегеасыружоспарларындакөзделген «100 мектеп, 100 аурухана», «АқБұлақ», «Қолжетімдітұрғын үй-2020», ҚР тұрғынүйқұрылысыбағдаламасы, ҚР 2011-2020жж. тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы, «Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасы, ҚР 2010-2014жж. «Жасыл даму» мемлекеттік бағдарламасы және т.б. бағдарламалар бойынша жобалармемлекеттіксараптамаданөтті.

Маңғыстау облысы Өзен, Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас, Солтүстік Бозашы мұнайгаз кен орындарының дайындаушы (Өңдеуші, әзірлеуші) орталығы болып саналды. Сондықтан, «Мемсараптама» РМК-нің Маңғытау облысы бойынша филиалында мұнайгаз кешендері нысандарыныңқұрылысынажобаларкөп.

«Маңғыстаумемсараптама» ЕМК-нын 1995 жылдан 2012 жылдың наурыз айы аралығында Нурбердиханов Урендик Батырбекович басқарды, 2012 жылдың маусым айынан 2016 жылдың маусым айы аралығында Хамиев Тангали Смитович филиал директоры болды. 2016 жылдың маусым айынан 2017 жылдың маусым айы аралығында Нурбердиханов Урендик Батырбекович филиал директоры қызметін атқарды. 2017 жылдың маусым айында Мемсараптама» РМК бас директорының бұйрығымен филиал директоры қызметіне Мыңбаев Қанат Турсынбайұлы тағайындалды. Филиал жобаның барлық бөлімдерін қарастыратын және жоба бойынша кешенді қорытынды беруді қамтитын тиісті саланың жоғары білікті мамандарымен жасақталған.