Сұрақтарға соңғы жауаптар

«Мемсараптама» РМК-нің Батыс өңірі бойынша филиалының 2019 жылдың 1 тоқсанындағы өндірістік қызметі бойынша Ақпарат

2019 жылдың 1 жартыжылдығында «Мемсараптама» РМК-нің Батыс өңірі бойынша филиалында жалпы мәлімделген құны 144,106 млрд. тенге құрайтын 142 жоба қаралды.
Қарау қорытындысы бойынша 127 жоба ұсынылды, бекітуге ұсынылған жалпы құрылыс құны 140,916 млрд. теңге.
2019 жылдың 1 жартыжылдығында жобалар бойынша 15 теріс қорытынды берілді, бұл жалпы қаралған жобалар санынан 10,6% құрады.
Өрескел бұзушылықтарға жол берген және теріс қорытынды алған жобалау ұйымдары: «СПС» ЖШС, «Топан» ЖШС, «Модерн Констракшн Групп - Казахстан» ЖШС, «ПРОЕКТНОЕ БЮРО «ЭКСПРЕСС» ЖШС, «АТК-Жаңаөзен» ЖШС, ЖК «Ешимкулов Н.Т.», «Eileen GROUP» ЖШС, «Шындау» ЖШС, ЖК «Иманғазиев», «Өзенқұрылыссервис» ЖШС, «Caspian Engineering & Research» ЖШС, "Мунайгазпроект-сервис" ЖШС, "Ақтау Сәулет-Құрылыс" ЖШС.
13 жобалық ұйымдар бойынша (15 жоба) белгіленген тәртіппен жергілікті МСҚБ орналасқан жері бойынша ақпарат жіберілді.
Қаралған жобалық-сметалық құжаттаманың жалпы санынан мемлекеттік емес күрделі салымдар -88 бірл. (62%) және мемлекеттік инвестиция - 54 бірл. (38%) құрайды.
Қаралған жобалау-сметалық құжаттаманың жалпы көлемінен мәлімделген құны бойынша мемлекеттік емес күрделі салымдар – 42,609 млрд. теңгені (30%) және мемлекеттік инвестициялар - 101,497млрд. теңгені (70%) құрады.
Филиалдың ескертулері бойынша және оның қолдануға ұсынылған ұсыныстары мен жаңа жобалық шешімдері бойынша жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларды мен қарау барысында, сондай-ақ негізсіз және көзделмеген (мақсатсыз) шығындарды болдырмау нәтижесінде жобалардағы жалпы мәлімделген құрылыстың сметалық (есептік) құны 6,446 млрд. теңгеге төмендеген (мемлекеттік күрделі салымдар есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша мәлімделген құнының төмендеуі 4,397 млрд. теңге).
Сонымен бір мезгілде, ғимараттар мен имараттарды сенімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында, есепке алынбаған шығындар мен көлемдерді қосу есебінен объектілер бойынша мәлімделген құн 3,256 млрд. теңгеге ұлғайтылды (соның ішінде мемлекеттік күрделі салымдар есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша, – 3,007 млрд. теңге).
Сонымен қатар, жобалық шешімдер сапасын жақсарту, объектілерді жобалау сапасына қойылатын кемшіліктер мен талаптарды қатаңдатуды болдырмау мақсатында, қаралатын жобаларға бірқатар толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.
2019 жылдың 1 жартыжылдығында «Мемсараптама» РМК-нің Батыс өңірі бойынша филиалының сарапшыларымен жобалардан 6155 қателіктер мен кемшіліктер анықталды. Олардың ішінде неғұрлымы:
- құрылыс конструкциялары сенімділігінің қамтамасыз етілмеуі – 7,7% бұзушылықтардың жалпы санынан;
- Құрылыс құнын айқындаудың дұрыс еместігі - 6,1%;
- көлемдік-жоспарлау және сәулеттік шешімдердегі кемшіліктер бойынша - 9,5%;
- бастапқы деректердің жеткіліксіздігі, қадағалау органдарының қажетті келісулерінің болмауы – 1,2%;
- инженерлік қамтамасыз ету бойынша шешімдердегі кемшіліктер,– 46,5%;
- бас жоспар және көлік бойынша шешімдердің ұтымсыздығы – 8,8%;
- технологиялық шешімдердің негізсіздігі мен кемшіліктері– 3,8%;
- өзге де бұзушылықтар мен кемшіліктер - 25,9%.
«Мемсараптама» РМК-нің Батыс өңірі бойынша филиалы құрылыс сараптамаға ұсынылған жобалар бойынша қазақстандық қамтудың тұрақты мониторингті жүзеге асырады. Филиалмен қаралған құрылыс жобаларындағы қазақстандық қамтуға жүргізілген талдау бойынша 2019 жылдың 1 жартыжылдығында күрделі құрылыс объектілері бойынша жалпы ресурстық құны 64897,527 млн. теңгені құрайды, қазақстандық тауар өндірушілер ресурсының құны 57185,938 млн. теңге, отандық құрылыс индусриясының өнім үлесі 88,12% құрайды.