Сұрақтарға соңғы жауаптар

Мемсараптама» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының мақсаттары және саясаты

Біріккен менеджмент жүйесі саласында «Мемсараптама» РМК саясаты

Қоғамдық және жеке мүдделердің , адамның тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қолайлы жағдайы, жобаланған құрылыс нысандарын пайдалануға бергеннен кейін орнықты жұмыс істеуіне, тапсырысшылардың талаптарын барынша жоғары қанағаттандыруға «Мемсараптама» РМК басшылығы өз алдына келесі міндеттерді қойды:
1. ISO 9001: 2008 сапасы, ISO 1400:2004 экология, ONSAS 18001:2007 өнеркәсіптік
қауіпсіздік және еңбекті қорғау, ISO/ IEC 27001 : 2005 ақпараттық қауіпсіздік саласында халықаралық стандарттардың талаптарына сай, біріккен менеджмент жүйесін үнемі талдау және әрдайым жетілдіру, «Мемсараптама» РМК
мақсаттарын және осы Саясаттарды жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарды пайдалануға беру.
2. Жобаларды жан-жақты бағалау процесінде (жобалау алды немесе жобалық-сметалық құжаттарды), кәсіпорынның еңбек қызметінде сапа,экология, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және ақпараттық қауіпсіздік саласында сараптама жүргізуде заңнамалық және басқа да талаптарды мүлтіксіз
сақтауды қамтамасыз ету.
3. «Мемсараптама» РМК ұжымының жауапкершілігі және кәсіпқорлық деңгейін ұдайы арттыру жұмыстарын жүргізу және кәсіпорын қызметкерлерін толықтай жұмысқа тартуға барлық жағдай туғызу.
4. Кәсіпорын қызметінен қоршаған ортаға келеңсіз әсерін азайтуға ұмтылу және сәйкестіру арқылы «Мемсараптама» РМК –мен қаралған құрылыс жобаларынан техногендік жүктемелер және экологиялық аспектілерін анықтау, қауіп-қатерден болуын бағалау, қоршаған ортаға әсер ету деңгейін анықтау.
5. Әрдайым қауіп-қатерлер сәйкестігінің тәртібін жетілдіру, қауіп-қатерді бағалау,
еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, кәсіпорында менеджмент жүйелері
жұмыс істеу аясында басқару шараларын орнату.
6. Әрдайым сәйкестіруде және кәсіпорында экономикалық менеджмент жүйелері жұмыс істеу аясында маңызды экологиялық қауіп-қатерлерді анықтау тәртібін жетілдіру.
7. Әрдайым кәсіпорын қызметінің қорытындысын талдау негізінде және тапсырыс берушілермен кері байланыс тәсілдерін, жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізудің сапасы жағынан толық қанағаттандыру мақсатында кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыру.
8. Кәсіпорын қызметінің үздіксіздігін және ақпараттық қызметті тәуекелмен басқару,
түрлі қатерлердің жағымсыз әсерін азайтуды катамасыз ету.
9. Кәсіпорынның ақпараттық активтерінің бүтінділігін, қол жетімділігін және құпиялылығын қамтамасыз ету.
10. «Мемсараптама»РМК қызметкерлерінің жұмыс жағдайының қауіпсіздігін жақсарту және қамтамасыз ету.
11. Кәсіпорынның корпоративтік мәдениетін қолдау және жетілдіру.
12. Әрдайым «Мемсараптама» РМК және оның аумақтық бөлімшелерінде БМЖ саласында бірыңғай әдіснамалық негізін жетілдіру.

2014 жылға арналған «Мемсараптама» РМК-нің Маңғыстау облысы бойынша филиалының біріктірілген менеджмент жүйесі саласындағы мақсаты

«Мемсараптама» РМК-нің Маңғыстау облысы бойынша филиалының біріктірілген менеджмент жүйесі саласындағы саясатын жүзеге асыру шеңберінде келесі мақсаттар анықталсын:
1. 2014 жылдың II тоқсанында біріктірілген менеджмент жүйесінің негізгі үдерісінің нәтижелігін бағалауды жетілдіру қамтамасыз етілсін.
2. 2014 жылдың III тоқсанында «Мемсараптама» РМК-нің Маңғыстау облысы бойынша филиалында БМЖ-ның ішкі нормативтік құжаттар талаптарының және рәсімдерінің орындалуына құжаттық тексеру жүргізу қаматамасыз етілсін.
3. 2014 жылдың III тоқсанында «Мемсараптама» РМК-нің Маңғыстау облысы бойынша филиалында ішкі аудит жүргізу рәсімін жетілдіру қамтамасыз етілсін.
4. 2014 жылдың IV тоқсанында сертификаттаушы ұйымы «Мемсараптама» РМК-нің Маңғыстау облысы бойынша филиалында инспекциялық ішкі аудит жүргізу үшін материалдарды дайындау және жұмыс ұйымдастыру қамтамасыз етілсін.
5. 2014 жылдың IV тоқсанында деректеді резервтік көшірудің орталықтандырылған жүйесі ендірілсін.
6. Тоқсан сайын «Мемсараптама» РМК-нің Маңғыстау облысы бойынша филиалында сараптама қорытындыларына мониторинг жүргізілсін.
7. 2014 жыл ішінде кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарының көкейкесті етуі қамтамасыз етілсін.
8. 2014 жыл ішінде «Мемсараптама» РМК-нің Маңғыстау облысы бойынша филиалында ішкі аудиттердің бекітілген бағдарламасына сәйкес бірлескен ішкі аудит жүргізу қамтамасыз етілсін.
9. 2014 жыл ішінде «Мемсараптама» РМК-нің Маңғыстау облысы бойынша филиалының ақпараттық активтерінің құпиялылығы, тұтастығы және қол жетімділігі қамтамасыз етілсін.